Су тасқынымен күреске белсене атсалысқан ақтөбелік 6 азамат Президент қолынан мемлекеттік наградалар алды
![](https://aqtobegazeti.kz/wp-content/uploads/2024/06/5d51ac104c2e66d8e8c0101c171eb387_1280x720-780x470.jpeg)
Ақордада өткен салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйледі.
Бұдан кейін Президент су тасқынына қарсы шараларға белсене атсалысқан бір топ құтқарушыны, волонтерлер мен қоғам белсенділерін, әскери қызметшілер мен дәрігерлерді, қарапайым жұмысшыларды, сондай-ақ кәсіпкерлер мен ірі бизнес өкілдерін марапаттады.
Оның ішінде ақтөбелік азаматтар бар. Қызметтік және азаматтық борышын атқарудағы жанқиярлығы, сондай-ақ төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін Мұғалжар ауданындағы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ жүргізушісі Алмас Төретов, Алға ауданындағы «Рамазан» ЖШС механизаторы Бейбіт Шәлімов – ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен; «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалының су беруді реттеушісі Әбдиев Шыңғыстау, жеке кәсіпкер Шынтас Қайратұлы – «Ерен еңбегі үшін» медалімен; волонтерлер Ерік Кенжебаев, Екатерина Голотина «Шапағат» медалімен наградталды.